БАҚ: «Алтын орда» базары директорының орынбасары ұсталды
© Сурет: 5region.kz
Алматы облысындағы "Алтын Орда" базары директорының орынбасары ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz "Пятый регион" порталына сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, ол 2 маусымда қамауға алынған. Қарасай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне BMW көлігіндегі қарулы адамдар туралы ақпарат келіп түскен. Ұсталғандар арасында "Алтын Орда" әмбебап базары директорының орынбасары да бар.
Сондай-ақ полиция бұл факті бойынша "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" (Қылмыстық кодекстің 287-бабы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Алайда базардың баспасөз қызметі қамауға алынған күзетшілердің қару ұстауға рұқсаттары бар екенін айтты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:34, 19 желтоқсан 2025
-27°C дейінгі аяз бен қарлы боран: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
-
16:28, 19 желтоқсан 2025
Сәулетшілер Алматының тарихи келбетін сақтап қалу үшін қандай жұмыстар жүргізіп жатыр
-
16:14, 19 желтоқсан 2025
Биыл қыста Алматының қай жерінде коньки тебуге болады
-
16:06, 19 желтоқсан 2025
Астанада жаңажылдық шырша шамы қашан жағылады және қай көшелерде қозғалыс шектеуі енгізіледі
-
15:53, 19 желтоқсан 2025
19 желтоқсандағы сауда-саттықта доллар бағамы 3,5 теңгеге қымбаттады





