«Байқұстар сұраған!..». Роза Рымбаева қалыңмал сұрайтындарды ұялтып тастады

17:26, 6 қыркүйек 2019

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Рымбаева қалыңдыққа қалыңмал беру дәстүрі ескіліктің көзі деп санайды. Әнші бұл пікірін "Айта берсін" бағдарламасына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақтарда байырдан қалыптасқан қалыңдыққа қалыңмал беру дәстүрі бүгіндері де жалғасып келеді. Жары етпес бұрын жігіт қалыңдығының ата-анасы алдында жығылып барып, киім-кешек, алтын-күміс әшекейден түрінде кит беріп, қалыңмал үшін олардың қолына ақша да ұстатады. Мұның бәрі "Ұзату тойы" алдында болады, яғни құдалардың аяғына жығылып барып, қалыңдықты алып кетер кезде.

Осыған қатысты пікір білдірген Роза Рымбаева күйеужігіттен ашықтан ашық ақша талап ету дұрыс емес екенін, тіпті оның ұят жайт екенін айтады.

"Менің қызыма мынанша-мынанша дүние әкел деп ашықтан-ашық талап ету – ұят нәрсе. Бұрындары кедей қазақ өзінің жағдайын түзеу үшін қызын байға сатқан. Байғұс байдан мал алған, сөйтіп өзінің жағдайын жасаған",- дейді ҚР Халық әртісі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!