Ажырасудан соң әкелердің 30%-ы баласымен қарым-қатынас жасау мүмкіндігінен айырылған

15:41, 11 қаңтар 2019

Ажырасудан соң әкелердің 30%-ы баласымен қарым-қатынас жасау мүмкіндігінен айырылған Ата-анасы ажырасқан жағдайда бала кіммен қалуы тиіс және отбасы мүшелерімен қарым-қатынас қалай орнатылуы керек? Осы сұрақтардың жауабын табу үшін Астанада психологтар, заңгерлер және педагогтар бас қосты. Бұл туралы zakon.kz, «Хабар 24» арнасы берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандардың айтуынша, сот шешіміне қарамастан әкелердің 30% балаларымен қарым-қатынас жасау мүмкіндігінен айырылған. Мұндай жағдайда ювеналды сот психологтардың көмегіне жүгінеді.

Алайда сарапшылардың мәліметі бойынша арнайы оқытудан өткен, өзекті проблеманы шешуге барынша атсалысатын білікті мамандар қатары тапшы. Осыған орай жиын қорытындысы бойынша балалардың тұратын жерін айқындау мен кездесу тәртібін тағайындауға байланысты зерттеулер жүргізу үшін арнайы құжат жарияланбақ. Алдағы уақытта оны заң жүзінде іске асыру жоспарланып отыр.

Алмагүл Қайырлиева, Атырау облысы білім беру басқармасының бөлім басшысы: - Бала құқығының қорғалуындағы басты бір нәрсе баланың мүддесі. Баланың психологиялық жағдайы және жағымды психологиялық орта қалыптастыруда ең бірінші осы нәрсе ескерілуі керек. «Қазақстан әйелдері қауымдастығы» күн тәртібінде ұсынып отырған мәселеде өзекті болып табылады. Бала құқығын қорғап, оның отбасының ажырасудан кейін бала құқығының жеке мүддесін қорғау мәселесіне біз ықпал ететін себепші болады деп сенеміз.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!