Азамат Сатыбалды: Жалғыз балам менен талай мәрте шапалақ жеген
Азамат Сатыбалды жалғыз ұлына талай мәрте қол көтергенін ашық айтты. Белгілі актер ұлын жігерлі азамат етіп тәрбиелеу үшін осындай қадамға баратынын түсіндірді. Асхат Садырбайдың “Үлкендердің әңгімесі” бағдарламасына берген сұхбатында Азамат бала тәрбиесі туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz.
“Қазіргі кезде баланы ұрып тәрбиелесең жүрегіне зиян деп айтып жатады. Біз сол шапалақ арқылы өстік. Ана мен баланың шапалағы мейірімге толы, ол исламда да бар. Менің үлкен атам бар, сол баяғыда балаларын қарғап-сілеп жатады екен. Сонда қасындағы көршісі: «Сен туған балаңа жамандық тілеп жатқаның не?» – деп сұрапты. Сол кезде: «Мен тамағымды қысып қойып боқтаймын оларды, тек қана тілімнің ұшымен», – деген екен. Онда тұрған ештеңе жоқ. Бала бұл өмірде әкенің, шешенің шапалағы бар екенін сезіну керек”, – дейді Азамат Сатыбалды.
Актердің айтуынша, тек шапалақ көріп өскен бала үлкен өмірге дайын болады.
«Бала 15-20 жасқа келгенде бір бұзықтық жасап, өмірінде бірінші рет шапалақ жесе, ол ертең барып асылып қалуы мүмкін. Сондықтан да бала кішкентайынан шапалақты сезінуі керек. Өзі де кейін ұл-қыз тәрбиелегенде соған жүгінетін болады. Бір ғана ұлым бар, мен де оны еркелетуге тырысамын. Бірақ орнымен, шама келгенше қатты ұстаймын», – дейді актер.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады