Азамат Бейісбеков ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды
© Сурет: primeminister.kz
Үкімет қаулысымен Азамат Бейспеков ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бейспеков 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау комитетінің кедендік ресімдеу жөніндегі маманының міндетін атқарушы болып бастады.
2009-2011 жж – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Индустриялық саясат және стратегиялық жоспарлау департаменттерінің сарапшысы, бас сарапшысы.
2011-2012 жж – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы.
2012-2015 жж Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық зерттеулер және талдау орталығында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2015-2020 жж - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс істері департаментінің консультанты, инспекторы, сектор меңгерушісі.
2020 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.
2022 жылдың маусымынан осы уақытқа дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аппарат басшысы қызметін атқарған.
Айта кетейік, осыған дейін осы қызметті атқарған Ержан Жықсанғалиұлы Мурзабаев берілген өтінішке сәйкес қызметінен босатылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:41, 19 желтоқсан 2025
Жамбыл облысында полиция есірткі арнасының жолын кесті
-
19:18, 19 желтоқсан 2025
Оралда заңсыз сатылған автокөлік иесіне қайтарылды
-
19:01, 19 желтоқсан 2025
Қарағандыда есірткіні жасырын қойып кетуші қылмыс үстінде қолға түсті
-
18:51, 19 желтоқсан 2025
Армения азаматы Орал – Алматы рейсінде темекі шеккені үшін ұсталды
-
18:46, 19 желтоқсан 2025
Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогы кезеңіндегі спринтте өнер көрсетті





