Аялдамада тұрған әйел мен 3 жасар баланы көлік қағып, мерт қылды
Атыраудағы автобус аялдамасында тұрған әйел мен 3 жасар баланы көлік қағып кетіп, екеуі де оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қайғылы оқиға қала маңындағы Құрсай кентіне қатынайтын №5 автобустың ақырғы аялдамасында болды. Жол апатынан 3 адам зардап шекті. 37 жастағы әйел мен 3 жасар бала жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін көз жұмды, ал 5 жасар қыздың миы шайқалып, жамбас сүйегі сынған. Бүлдіршін облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», - деді Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілі.
ІДД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы ҚР ҚК 345-бабы, 2-бөлігіне («Көлік құралдарын басқарған тұлғалардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын қолдану ережесін бұзуы») сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестрінде тіркелді.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады