Аяқ киімнің ұлтарағына жасырған: ШҚО-да тергеудегі азаматқа ерекше «сәлемдеме» жеткізбек болған
© Фото: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қызметкерлері сәлемдемені тексеру кезінде аяқ киімнің ұлтарағының астына жасырылған күмәнді затты анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сәлемдеме ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі – адам өлтіру, 125-бабының 3-бөлігі – адам ұрлау және 262-бабының 2-бөлігі – қылмыстық топқа қатысу бойынша күдікке ілініп, тергеуде отырған азаматқа арналған.
Сәлемдемені қабылдау кезінде мекеме қызметкерлері оның ішіндегі аяқ киімді мұқият тексерген. Нәтижесінде ұлтарақтың астынан жасыл-қоңыр түсті, өзіне тән иісі бар, сыртқы түрі кептірілген өсімдік массасына ұқсайтын зат салынған орам табылып, тәркіленді.
Табылған зат сараптамаға жіберілді. Оның нақты құрамы сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.
Оқиға туралы тиісті органдарға хабарланып, мекемеге полиция қызметкерлері шақырылды. Қазіргі уақытта қажетті процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп, сәлемдемені жеткізуге қатысы бар адамдар анықталып жатыр.
Оқиға мекеменің бейнебақылау жүйесіне және қызметкердің бейнетіркегішіне жазылған.
"Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне келіп түсетін сәлемдемелер мұқият тексеріледі. Бұл жолы күмәнді затты аяқ киімнің ұлтарағының астына жасыруға әрекет жасалған. Алайда қызметкерлердің мұқият тексеруі нәтижесінде ол дер кезінде анықталды", – деді ШҚО бойынша ҚАЖД ресми өкілі Салтанат Ожиканова.
Сараптама нәтижесі шыққаннан кейін аталған оқиғаға құқықтық баға беріледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:06, 11 қыркүйек 2026
11 қыркүйектегі сауда қорытындысы: доллар бағамы аздап өзгерді
-
16:00, 11 қыркүйек 2026
Датчиктер Қазақстанда 288 адамды өрт кезінде ажалдан арашалап қалды
-
15:48, 11 қыркүйек 2026
МӘМС жарналарының аударылуы туралы ақпарат беру қағидалары жаңартылды
-
15:24, 11 қыркүйек 2026
Forbes тізіміне енген 17 жастағы қазақстандық аспаз жетістігінің артында кім тұрғанын айтты
-
15:16, 11 қыркүйек 2026
Энергия өндірушілердің шығындары мен тарифтеріне қатысты жаңа ережелер күшіне енеді





