Датчиктер Қазақстанда 288 адамды өрт кезінде ажалдан арашалап қалды
© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев 2026 жылғы 11 қыркүйекте Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жылыту маусымында өрттің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, бүгінде әлеуметтік осал санаттағы азаматтар тұратын 96 мыңнан астам тұрғын үй есепке алынған. Үй-үйді аралау барысында бұл тізімдер нақтыланып отырады.
Тұрғындарға жылу беру және электр жүйелерін қалыпқа келтіруге көмек көрсетіліп, мұржалар күйеден тазартылып жатыр. Сондай-ақ басқа да профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
"Қазір еліміз бойынша әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтардың 36 мыңнан астам үйі профилактикалық шаралармен қамтылды. Әкімдіктермен және волонтерлермен бірлесіп, 6,5 мың үй өрт қауіпсіздігі талаптарына сай жағдайға келтірілді. Тұрғын үйлерге газ бен жану өнімдерінің қауіпті концентрациясын анықтайтын датчиктер орнату бойынша көпжылдық тәжірибе жалғасып келеді. Биылғы профилактикалық акция басталғалы әкімдіктер мен волонтерлердің көмегімен 1700-ден астам датчик орнатылды. Ал өткен жылыту маусымында тұрғын үйлерге 51 мыңнан астам автономды датчик қойылды", – деді Ерлан Төрегелдиев.
Спикердің айтуынша, бұл тәжірибе енгізілгеннен бері датчиктердің іске қосылуы бойынша 67 жағдай тіркелген. Соның арқасында 288 адамның уланып, қаза болуына жол берілмеді.
Бұған дейін Алматыда көпқабатты үйден өрт шығуына байланысты тұрғындардың эвакуацияланғаны хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:27, 11 қыркүйек 2026
Қазақстанда кәсіпкерлерге арналған бірыңғай жеке кабинет іске қосылды
-
16:20, 11 қыркүйек 2026
Қазақстанның крипторезерві 700 миллион долларға жетті
-
16:11, 11 қыркүйек 2026
Күз бен жаздың тартысы: үш мегаполиске арналған ауа райы болжамы
-
16:06, 11 қыркүйек 2026
11 қыркүйектегі сауда қорытындысы: доллар бағамы аздап өзгерді
-
15:48, 11 қыркүйек 2026
МӘМС жарналарының аударылуы туралы ақпарат беру қағидалары жаңартылды





