Автоматтандыру және роботтандыру мамандары: Қазақстанда кімдерге сұраныс артады
© Фото: primeminister.kz
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2026 жылғы 8 қыркүйекте Үкімет отырысында елімізде жаңа жұмыс орындары ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, биыл өңдеу өнеркәсібінде жалпы құны 1,7 трлн теңге болатын 200 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр.
"Жобаларды іске асыру нәтижесінде 17 300 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Бүгінде 84 жоба іске қосылып, 5 800 жұмыс орны құрылды", – деді Ерсайын Нағаспаев.
Осыған байланысты автоматтандыру, цифрлық жобалау, роботтандыру, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік салаларындағы мамандарға сұраныс артып келеді.
"Мамандарды инвестициялық жобаларды жоспарлау кезеңінен бастап даярлау мәселесі салалық жоспар аясында пысықталып жатыр", – деді министр.
Бұған дейін Ерсайын Нағаспаев бос жұмыс орындары ең көп салаларды атаған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:00, 8 қыркүйек 2026
Ганг өзені арнасынан асып, Үндістандағы көне ғибадатхана су астында қалды
-
12:53, 8 қыркүйек 2026
Енді АҚШ-та кез келген адам жағажайдың иесі бола алады
-
12:42, 8 қыркүйек 2026
Алматы тауларында турист жарақат алып, құтқарушылар көмек көрсетті
-
12:31, 8 қыркүйек 2026
Мас күйінде көлік жүргізген әйел жүкті келіншек пен екі баланы қағып өлтірді: сот үкім шығарды
-
12:25, 8 қыркүйек 2026
29 миллион теңгенің малын ұрлаған: алты адамға сот үкімі шықты





