Автобустар тоқтап қалса, халық көтерілуі мүмкін – депутат

12:55, 22 қыркүйек 2021
95

© Сурет: Ж.Жұмабеков

Мәжіліс депутаты С.Ерубаев "Ақ жол" ҚДП фракциясының депутаттарының атынан еліміздегі автобус тасымалындағы күрделі жағдайды сауықтыру, оның ішінде жұмыс істеп тұрған автопарктерге тиесілі субсидияларды төлеу бойынша шұғыл шара қабылдауды сұрап, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ә. Смайыловқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Вице премьер Р.Скляр 2018-2020 жылдарда бюджеттен автопарктерді субсидиялауға 100 млрд-тан астам теңге, және де лизингпен жаңа автобустар сатып алуға 57 млрд теңге қарастырылды деген.

Алайда, еліміздің әр өңірінен түсіп жатқан өтініштеріне орай, сондай-ақ аталған мәселе бойынша сайлаушылармен кездесу барысында жолаушылар тасымалдау саласында жағдайдың өзгермегеніне көзіміз жетіп, мәселені қайта көтеруге мәжбүр болып отырмыз. Тығырыққа тіреліп, банкроттыққа ұшыраудың алдында тұрған тасымалдаушылар, бірнеше қалаларда ереуілге де шығып үлгерді, бұндай ақпарат Ақтобе, Шымкент, Петропавл қалаларынан түсуде. Өйткені, жергілікті атқарушы органдар бекіткен тарифтер салдарынан, субсидиясыз, автобус жүргізушілеріне жалақы төле алмауы, оның үстіне сатып алынған жаңа автобустарға лизинг бойынша мемлекет тарапынан тиесілі қаражаттың төленбеуі жығылғанның үстіне жұдырық болуда.

Мысалы, Семей қаласындағы екі жыл бойы қызметін сәтті атқарып келген автопарк, қажетті қаражат алмағандықтан, соттың шешімімен банкрот болып жарияланып, несиеге алған техникасы түсініксіз жолмен басқа мердігерге берілген. Ал, Үкіметтің жауабында көрсеткен 100 млрд субсидия мен 57 млрд лизингке арналған қаражат қайда сонда?

Ең қызығы, аталған автопаркке екі жыл бойы төленбеген субсидияларды жаңа мердігерге қала басшылары бір сәтте 520 млн теңге мөлшерінде берілген. Бұл қаражат қайдан шықты? және бюджетте жаңа мердігерге арнайы сақталып отырған ба? деген сұрақтар туындайды.

Әрине, біз банкроттыққа ұшыраған автопаркті ақтағымыз келмейді, соттың шешімі бойынша, оның де кінәсі бар шығар. Ал бірақ, бұндай тәжірибе кең таралса, басқа да қалаларда қолдаусыз қалған автопарктердің тағдыры алаңдатады.

Осындай аса маңызды әлеуметтік мәселені шұғыл түрде шешпесек, көптеген адамдар жұмыс орнынан айрылып, автобус инфрақұрылымын тежеп, қарапайым тұрғындардың күнделікті жүріс-тұрысына кедергі болып, халықтың наразылығын тудыруы мүмкін.

Осыған байланысты, құрметті Әлихан Асханұлы, "Ақ жол" фракциясы:

  • 2018-2020 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың қаншасы тікелей автобус парктеріне жеткендігі, ал қаншасы әлі күнге дейін әкімдіктің қорында игерусіз жатқаны туралы...
  • және де 2022-2024 жылдарға арналған бюджетте осы бағытта қанша қаражат қарастырылатындығы жөнінде мәлімет беруіңізді сұраймыз.

Сонымен қатар, қарастырылған қаражат тиісті мекемелерге жеткізбегенінің нәтижесінде, автопарктер банкроттыққа ұшыраған жағдайда жауапкершілікті кімнен сұрау керек?


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір