Ауа-райының қолайсыздығына байланысты бес өңірде жолдар жабылды
© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Еліміздің бірқатар өңірлерінде қар жауады, көктайғақ болады, жел минутына 15-20 метр жылдамдықпен соғады деп болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ деректері бойынша, ауа райының нашарлауына байланысты бес өңірдегі: Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарындағы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар жабылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
Азаматтарды ауа райындағы өзгерістерді бақылап, оны есепке алуды ескертеміз. Дауыл туралы ескерту хабарламаларын елемей қоюға болмайды және мұндайда қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар. Қысқы кезеңде елдімекендерге, алыс жолға көлікпен шықпас бұрын міндетті түрде ауа райы болжамын, жолға қатысты ақпараттарды зерделеп алған жөн. ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





