Атыраудағы Жайық өзенінің деңгейі күннен-күнге көтерілуде

10:55, 22 сәуір 2024

© Сурет: pixabay

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы 2024 жылғы 22 сәуірдегі Жайық өзеніндегі су деңгейі жайлы ақпарат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді:

  • Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі су деңгейі 582 см., деңгейдің +8 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 359см;
  • Жайық өзені – Махамбет кентінің гидропостындағы су деңгейі 706 см., деңгейдің + 7 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 389 см;
  • Жайық өзені-Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 412 см., тәулігіне + 3 см. деңгейдің көтерілуі су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 221 см.

Мамандар бұл әлі шырақтау шегі емес екенін айтты.

"Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде".Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Еске сала кетейік, 21 сәуірде Атырауда Жайық өзенінің деңгейі 4 метрден асқаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!