Атыраудағы колонияда сотталған адам қаза тапты
© Сурет: Zakon.kz
Атырау түзету мекемесінде сотталғандар арасында жанжал шықты. Оқиға салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алғашқы деректерге сәйкес, сотталғандар сөзге келіспей, артынша төбелес басталған. Жанжал жазасын өтеушілердің бірі қаза тапқан. Бұл туралы 2026 жылғы 24 наурызда "Ақ Жайық" басылымы жазды.
"22 наурызда Атырау түзету мекемесінде сотталғандар арасындағы ұрыстың салдарынан бір адам қаза болды", – деп растады Атырау облысының полиция департаменті.
Полиция өкілдері бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, болған жайттың барлық мән-жайы анықталады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:43, 24 наурыз 2026
Өзбекстан әуекомпаниясы Ташкент – Атырау бағыты бойынша рейс ашады
-
14:00, 24 наурыз 2026
Әбиба Әбужақынова тұрмысқа шықпақшы
-
13:22, 24 наурыз 2026
Тоқаев альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді
-
13:22, 24 наурыз 2026
Тоқаев қазақстандық альпинистке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді
-
12:47, 24 наурыз 2026
Қытай азаматы қиын жағдайда көмектескен қазақстандық полицейге алғыс айтты





