Ибрагим Магомадов грек-рим күресінен әлем чемпионатын жеңіспен бастады

12:29, 24 қазан 2026
MKZ: 1574173

© Сурет: olympic.kz

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Ибрагим Магомадов Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы белдесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық балуан 82 келіге дейінгі салмақта италиялық Лука Дариоццимен күш сынасты.

Бірінші кезеңде италиялық балуан 3:0 есебімен басым түсті. Дегенмен екінші үш минуттықта отандасымыз тізгінді өз қолына алып жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Мерей Мәулитқанов (77 келі) алғашқы кездесуінде жеңіске жеткен еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!