Атырауда терезеден секірмек болған қызға төрт еркек қол созды

15:16, 16 шілде 2019

Атырауда өз-өзіне қол салмақ болған бойжеткенді аман алып қалу оқиғасын көшедегілер телефонға түсіріп алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға 15 шілдеде болған. Полиция бөлімшесіне шамамен 16.00-де қоңырау келіп түсіп, беймәлім адам Махамбет көшесіндегі үйдің 4-қабатынан бір қыздың секірмек боп жатқанын хабарлаған. Бірден оқиға орнына кезекші патруль аттанады.

Шұғыл жеткен полиция қызметкерінің бірі қыз секірмек терезеге жақын көршінің терезесі арқылы оны құтқаруға тырысады. Куәгерлер де қарап қалмай төменгі пәтерден қызға көмек қолын созды. Төменгі пәтердің терезесіндегі адам қызды таяқпен ішке қарай итерумен, солай оны тежеумен болады. Осы кезде көрші пәтердің балконынан екінші адам да қыздың терезесіне секіріп, оны ішке қарай итеріп жібереді.

Құтқару операциясына қатысқандардың барлығы қауіпке бас тікті. Бірақ қыздың әрекетіне бей-жай қарай алмай, олар өз азаматтық борышын өтеді. Белсенді азаматтар - Қайыров Есенбай және Катаров Микаликке Атырау облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы алғыс хатпен марапаттады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!