Атырауда мемлекеттік құрылымды өзгертуге дайындалған: ҰҚК экстремистік топтың 10 мүшесін ұстады
© Сурет: gov.kz
2026 жылғы 30 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) прокуратура органдарының үйлестіруімен Атырау қаласында сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында 10 адамды бір мезгілде ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олар экстремистік топ құруға, оған басшылық етуге және оның қызметіне қатысуға, сондай-ақ терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздыруға күдіктеліп отыр.
Тергеу нұсқасы бойынша, қылмыстық топ мүшелері Қазақстанның батыс өңірінде конституциялық құрылым негіздерін күшпен өзгерту мақсатын көздеген.
"Күдіктілердің тұрғылықты жерлерін тінту кезінде атыс қаруы, есірткі заттары, діни атрибутика, әдебиеттер және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді", – деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Сондай-ақ олардың балалар мен жасөспірімдерге арналған үш астыртын оқу орталығын ашқаны және солардың қызметі тоқтатылғаны айтылды.
Топ мүшелерінің бірқатары бұған дейін терроризм және жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін сотталғаны атап өтілді.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.
2026 жылғы 20 қазанда "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығында шекарашылар киіктің 620 мүйізін Қытайға заңсыз әкету әрекетінің жолын кескені хабарланған болатын. Қара нарықтағы жүктің құны 180 миллион теңгеге бағаланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:41, 2 қараша 2026
Алматы маусым айында неке қию көрсеткіші бойынша рекордтық деңгейге жетті
-
13:25, 2 қараша 2026
Мемлекет басышысы Теміртауда қалпына келтірілген трамвай жүйесінің жұмысымен танысты
-
13:25, 2 қараша 2026
Тоқаев Теміртауда қалпына келтірілген трамвай жүйесінің жұмысымен танысты
-
13:22, 2 қараша 2026
Қытайда жасанды интеллект көмегімен түсірілген алғашқы фильмнің сатылымы сәтсіз болды
-
13:10, 2 қараша 2026
Бір мандатқа үш үміткер: мәслихат депутаттығына 10 мыңнан астам кандидат бақ сынайды






