Атырауда Әзірет Cұлтан музейі ашылды

10:19, 23 қазан 2017

Атырауда Түркістандағы Әзірет Сұлтан атындағы тарихи-мәдени қорық музейінің көрмесі өз жұмысын бастады.

Мұнайлы өңір тұрғындарының назарына 250-ден астам тарихи жәдігер ұсынылып отыр. Оңтүстіктен жеткен тарихи жәдігерлердің ішінде VII-IX ғасыр аралығын қамтитын құнды деректер аса көп. Әсіресе Қазақ хандығының қалыптасуы кезіндегі мәдениет пен өнер, көрші мемлекеттермен сауда-экономикалық байланысты айғақтайтын жәдігерлер мен тарихи құжаттар атыраулықтардың назарына алғаш ұсынылып отыр. Мысалы, Қаракерей Қабанбай батырдың қанжары жиналғандардың қызығушылығын туғызды. Сондай-ақ көрмеде үш жүздің басын қосқан қазақ ханы Абылайханның Қытай, Ресей императорларына еларалық байланысты нығайту бағытында жазған хаттары да бар. Мұнайлы өңірдегі көшпелі көрме қазан айының аяғына дейін жалғасатын болады.

Берік Байболов, Әзірет Сұлтан тарихи-мәдени қорық музейінің ғылыми қызметкері:

– Соның ішінде бас назар аударатыны Абылайханның Қытай императоры Цун Лунға мал беру арқылы ол жақтан дәрі-дәрмек алу мәселесі. Сол кезде XVIII ғасырда қазақ даласында шешек деген аурудың көбейіп кетуіне байланысты осы дәрі-дәрмекпен қамту жөнінде жазған хаты бүгін экспозияда тұңғыш орын алып отыр.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!