Атырауда ер адам бесінші қабаттан секіріп өлмек болды
© Сурет: видеодан алынды
Атырауда тәртіп сақшылары 5 қабаттан секіргелі тұрған ер адамды аман алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
9 маусым күні сағат 17:00 шамасында 102 арнасына Авангард ықшам ауданында орналасқан үйдің 5-қабатынан белгісіз ер азаматтың секіргелі тұрғаны жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына Атырау қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Қадірбек Қуатов, Али Қадыров және учаскелік полиция инспекторы Ануар Құспанов жетті.
Олар көпқабатты үйдің 1-ші подъезді арқылы 4 қабатқа көтеріліп, аталған азаматтың пәтерінің терезесінен кіріп, ер адамды құтқарып қалған. Полицейлер оны қауіпсіз жерге шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті.
1959 жылғы ер адамның отбасылық жанжал салдарынан осындай іс-әрекетке барғаны анықталды.
Оқыс оқиға видеосы мына сілтемеде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:39, 19 желтоқсан 2025
ІІМ: Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз қолданудың 90 дерегі анықталды
-
12:24, 19 желтоқсан 2025
Елордада полицейлер тұрғынның көлігінен ірі көлемде гашиш тәркіледі
-
12:17, 19 желтоқсан 2025
Ресейлік туристке Таиландқа шамамен 100 жылға кіруге тыйым салынды
-
12:17, 19 желтоқсан 2025
Иранда «ақырзаманның бір белгісі» көрінді - бейнежазба
-
11:52, 19 желтоқсан 2025
WTA барлық санаттағы жылдың үздік турнирлерін атады





