Атырауда екі әйел сот залының есігін мен микрофондарды сындырды
© Сурет: Zakon.kz
Атырауда бұған дейін сот ғимаратында бүлік салған екі әйелге үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі мамандандырылған сотта екі әйелге қатысты істер Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1-бабының 1-бөлігі "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша қаралды.
"Сот отырысы барысында азаматша М.-ның сот залындағы компьютердің мониторын және үш микрофонын ұрып-соғып, қасақана зақымдағаны анықталды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Екі әйел де құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға әкімшілік айыппұл салынды.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:07, 12 сәуір 2026
Қазақстандағы ХҚКО-лардан тағы бір қызмет алынып тасталды
-
09:42, 12 сәуір 2026
Путинцева Қазақстанға Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алып берді
-
17:49, 11 сәуір 2026
Шығыс Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының ардагерімен қоштасты
-
17:27, 11 сәуір 2026
Қазақстанда 12 сәуірде жаңбыр мен найзағай күтіледі
-
16:56, 11 сәуір 2026
Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды





