Атырауда дрондардың көмегімен патрульдеу жүйесі енгізілді

14:54, 26 наурыз 2026

© Фото: unsplash

Атырау қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында заманауи технологиялар кеңінен енгізілуде.

Солардың бірі – арнайы жарық сигналдарымен жабдықталған дрондарды пайдалану. Бүгінде ұшқышсыз ұшу аппараттары қала көшелерінде, қоғамдық орындарда және автожолдарда бақылау жұмыстарын күшейтуге тиімді қолданылып келеді.

Әсіресе мереке күндері халық көп шоғырланатын аумақтарда әуе арқылы жүргізілетін бақылау ерекше маңызға ие болып отыр. Дрондардың көмегімен құқық бұзушылықтарды жедел анықтап, дер кезінде тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік туып отыр.

Атап айтқанда қоғамдық орындардағы күмәнді жағдайлар, мас күйінде жүрген азаматтар мен тазалық талаптарын бұзу деректері дер кезінде тіркеліп, жауапты қызметтер тарапынан тиісті әрекеттер жасалуда.

Сонымен қатар автожолдарда дрондар көлік ағынын бақылауға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін тіркеуге елеулі үлес қосуда.

Құқық қорғау органдары енгізіп отырған мұндай цифрлық шешімдер қоғамдық тәртіпті сақтау тиімділігін арттырып қана қоймай, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа мүмкіндіктерін ашуда.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!