Атырау облысында түйелер белгісіз індеттен қырылып жатыр
© Фото: zakon.kz
Атырау облысында түйелер белгісіз індеттен қырылып жатыр. Маусым айынан бері Құрманғазы ауданында 200-ден астам қос өркешті жануар ауырып, 84 –і арам қатқан. Қазір елуден астам ойсылқара тұқымын мал дәрігерлері емдеп жатыр. Бірақ ветеринарлар мұның не індет екенін таба алмай жатыр.
Құрманғазы ауданына қарасты ауылдарда түйенің бұлай белгісіз індеттен өлуі былтыр да болған. Бірақ биыл жағдай өршіп тұр дейді шаруалар. Дыңғызыл, Еңбекші, Мақаш ауылдарында мал шығыны тым көп екен. Өлекселерді әкімдік шетінен көміп жатыр. Ветеринарлар сынамаларын Ұлттық референт ветеринария орталығына жіберген. Алайда қауіпті қоздырғыш анықталмапты.
Осылайша төрт түліктің төресі қандай ауруға шалдығып, қырылып жатқаны беймәлім. Ал ауыл шаруашылығына жауаптылар министрлікке ұсыныс жібердік деп қол қусырып отыр.
"Облыс әкімдігі тарапынан ауыл шаруашылығы министрлігі, ветеринарияны бақылау және қадағалау комитетіне ұсыныс хат жолданып, осы аурудың нақты неден пайда болғанын анықтау мақсатында арнайы мамандарды жібертуін сұрадық. Енді хабар күтіп отырмыз". Атырау облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы, ветеринария бөлімінің бас маманы Ықылас Азаматов
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:18, 11 шілде 2026
ШҚО-да жоғалған сәби аман-есен табылып, ата-анасына табысталды
-
16:47, 11 шілде 2026
«Күн 45 градусқа дейін ысиды». Еліміз бойынша 12 шілдеге арналған ауа райы болжамы
-
15:26, 11 шілде 2026
Зейнетақы жинақтары бойынша мемлекеттік кепілдік алынып тасталған - Еңбек министрлігінің түсініктемесі
-
15:11, 11 шілде 2026
Жас қыздың Қайрат Нұртастың үстінен арызданғаны рас па - полиция түсініктемесі
-
14:56, 11 шілде 2026
Ақсуда мас күйде жол апатына түскен әйел жазадан құтылып кете жаздады





