Атырау облысында КВИ жұқтырған соңғы төртеу туралы не білеміз?

10:16, 8 сәуір 2020

8 сәуірде таңертең Атырау облысында КВИ жұқтырудың 4 дерегі тіркелді. Оның ішінде Атырауда - 3, Жылыой ауданында -1 адам, деп хабарлайды zakon.kz.

Олар бұрын коронавирус анықталған науқаспен байланыстағы адамдар болғаны үшін карантиндік ауруханаға жатқызылып, зертханалық талдау алынған. ПЦР диагностикалық тестінің нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды, деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем-дом жүргізіліп жатыр.

Науқастармен байланыста болғандар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында эпидемиологиялық және дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!