Атырау облысында ер адам 8 килограмм қара уылдырықты заңсыз сақтаған

12:07, 24 сәуір 2018

Атырау облысында бекіре балығының қара уылдырығын заңсыз ұстаған ер адам қолға түсті, деп хабарлайды Today.kz.

Қара уылдырығы бар бірнеше қорап ер адамның аспалы сөмкесінен табылған. Полиция оны әрі қарай тінткенде, үйінен заңсыз сақталған балық өнімдері табылған.

Жергілікті тұрғыннан қара уылдырық салынған 16 пластик банкісі тәркіленді. Бағалы балықтың жалпы салмағы – 8 килограмм.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!