Атырау қаласының тұрғындары 14 мың түп ағаш отырғызды

22:34, 22 сәуір 2017

Мұнайлы өлке Атырау қаласының тұрғындары бір күнде 14 мың түп ағаш көшетін отырғызды. Облыс орталығын көгалдандыру мақсатындағы шараға мемлекеттік қызмектерлер, қоғамдық ұйым өкілдері, студенттер мен оқушылар қатысты.

Сонымен қатар кеңсе, мектеп, емхана секілді әлеуметтік маңыздағы ғимараттардың алдына ағаш отырғызамын деген жұмысшылар мен өзінің жеке ауласына тал еккісі келетін тұрғындарға да түрлі ағаш көшеттері тегін таратылды. 

«Бұл біздің азаматтық парызымыз деп есептеймін. Үлкендер өскелең ұрпаққа үлгі көрсетуге міндеттіміз. Қаламыздың көркеюіне әрбір тұрғын бүгінгідей үлес қосар болса, күні ертең-ақ көшелер жасыл желекке бөленіп шыға келеді. Сондықтан да көпшілікті мұндай игі іске жұмыла кірісуге шақырамыз», – дейді облыстық мәслихат депутаты Әлия Бекқожиева.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!