Атырау қаласынан ұшатын әуе рейстерінің саны артты

22:48, 12 сәуір 2024

© Сурет: unsplash

Су тасқыны болып жатқан өңірлерге байланысты Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі отандық әуе компанияларымен бірлесіп бірқатар шаралар қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Атыраудан аптасына ұшатын 73 тұрақты рейстердің қатарына қазақстандық әуе компаниялар Атыраудан Астана, Алматы, Ақтау және Шымкентке аптасына қатынайтын тағы 49 рейс қосты. Осылайша тасымалдау сыйымдылығы 72%-ға ұлғайтылды, яғни 12 756 орыннан 21 958 орынға дейін". Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ 2024 жылы 9-12 сәуір аралығында Air Astana, Fly Arystan және SCAT әуе компаниялары қосымша 17 рейсті орындағаны (сыйымдылығы 3069 орын) нақтыланады.


"Бүгінгі таңда қазақстандық тасымалдаушылармен Атыраудан ұшатын тікелей рейстердегі барлық эконом-класс тарифтері бір жаққа шаққанда 40 мың теңгеден аспайтыны туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл тарифтер 13-24 сәуір аралығында қолжетімді болады. Жолаушыларға әуе компаниялардың ресми сайттарында әуе билеттерін тексеру және сатып алу ұсынылады. Отандық әуе компаниялары еліміздің су тасқынынан зардап шеккен аймақтарына өтеусіз негізде 50 тоннаға жуық гуманитарлық жүк тасымалдағанын қосымша хабарлаймыз", делінген құзырлы ведомство хабарламасында.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!