Атақты бапкер «Реалға» барып, Моуриньюдің жұмысын жоғары бағалады
© Фото: Instagram/ReaLmadrid
Мадридтік "Реалдың" Вальдебебас қаласындағы жаттығу базасында ерекше жағдай болды. Бұрынғы командасына Карло Анчелотти қонаққа келді. Бірақ ол бұл жолы Бразилия құрамасының бас бапкері ретінде барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атақты италиялық маман өз шәкірттерімен кездесуге келіп, бразилиялық ойыншылар Винисиус Жуниор, Эндрик, Родриго Гоэс және Эдер Милитаоға ерекше көңіл бөлді. "Реал" тарихындағы ең көп жүлде жеңіп алған бапкер сапар барысында мадридтік клубтың жаңа бас бапкері Жозе Моуриньюмен де әңгімелесті. Екеуі бұрыннан жылы қарым-қатынаста.
Анчелотти португалиялық маманның команданы бұрынғы даңқына қайтару мақсатын қолдап, оның жетістікке жететініне сенім білдірді.
"Онымен қарым-қатынасымыз бұрыннан өте жақсы. Бір-бірімізбен жақсы тіл табысамыз, ой бөлісіп, хабарласып тұрамыз. Оның осында, осы ұлы клубқа қайта келгеніне қуаныштымын. Ол бұл жердің бәрін жақсы біледі. Оның қолынан бәрі келетініне сенімдімін. Жозе – тамаша бапкер, ол жұмысын жақсы атқарады. Мадрид үшін бұл маусым керемет болады деп ойлаймын", – деді Карло Анчелотти.
67 жастағы маман "Реалдың" Ла Лигадағы сәтті басталуына да қуанышты. Команда чемпионаттағы алғашқы үш ойынында үш жеңіске жеткен.
"Бәрі өте жақсы жүріп жатыр. Бастапқыда қиындықтар болды, бірақ біртіндеп команда жақсы ойнай бастады. "Сосьедадқа" қарсы екінші матчта олар керемет ойын көрсетті. Енді маңызды кездесулер басталады: алдымен "Бетиске" қарсы матч, одан кейін УЕФА Чемпиондар лигасы басталады. Команда жақсы дайындалған деп ойлаймын. Жаңадан келген ойыншыларымыз да үлкен үлес қосады", – деді Анчелотти.
Италиялық маман клубтан кеткеніне қарамастан, "Реалға" деген сүйіспеншілігі мәңгі сақталатынын айтты.
"Бұл – менің клубым, менің үйім, менің отбасым. Бұл клуб мен үшін бәрі. Мұнда өткізген уақытым керемет болды, фантастикалық естеліктер қалды. Команда бапкерінен оның басты жанкүйерлерінің біріне дейінгі жолды жүріп өттім. Олар ойнаған сайын теледидар алдына отырып, матчтарын көремін", – деді Карло Анчелотти.
Италиялық маман келгенге дейін мадридтік клубтың қазіргі бас бапкері Жозе Моуринью тәртіп бұзған ойыншыларға қатаң шаралар қолданған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:01, 4 қыркүйек 2026
Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады
-
16:00, 4 қыркүйек 2026
Ник Кирьос допинг дауына байланысты ақталды: теннисші халықаралық жарыстарға қайта оралады
-
15:54, 4 қыркүйек 2026
Алматыда 4-13 қыркүйек аралығында Центральная және Талды көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
-
15:45, 4 қыркүйек 2026
4 қыркүйектегі сауда-саттықта доллар бағамы тағы өсті
-
15:40, 4 қыркүйек 2026
Заңсыз несие берген екі қазақстандық 1 миллиард теңгеге жуық пайда тауып, түрмеге түсті





