Астананың сол жағалауында отқа оранған адам видеоға түсіп қалды

20:25, 19 сәуір 2024

© Сурет: Алматы қалалық әкімдігі

19 сәуірде әлеуметтік желіде жол ортасында өртенген адамның видеосы тарады. Оқыс оқиға Астанада болғаны нақтыланады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео авторлары жантүршігерлік оқиғаның Сығанақ көшесінде болғанын айтады. Бұл фактіге қатысты Zakon.kz сайтына Астана қалалық полиция департаменті түсініктеме берді.

"Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкері өртті сөндірді. Зардап шеккен азамат медициналық мекемеге жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде", - деді ПД.


Айта кетсек, 8 сәуірде Астанада Қошқарбаев пен Қордай көшелерінің қиылысында өртеніп жатқан көліктен ытқып шыққан жүргізушіні басқа көлік қағып кеткен еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!