Астаналықтар үш күн ұлттық киім киіп жүреді

10:00, 9 желтоқсан 2023

© Сурет: әлеуметтік желіден алынды

Астана қаласының тұрғындары үшін 17-19 желтоқсан күндері "Хас шебер" фестивалі ұйымдастырылады. Фестивальдің дресс-коды – ұлттық киім. Фестиваль барысында көрме-жәрмеңке ұйымдастырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен фестиваль Республика көшесі, 34 мекенжайында орналасқан "Жастар" сарайында сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.

Жәрмеңкеден түскен қаржының 10 пайызы қарттар үйіне жұмсалады. Сонымен қатар қолөнершілер жұртшылыққа арнап мастер-класс өткізеді, сол сияқты қазақ халқының ұмыт болған салт-дәстүрлері және қызықты ойындар ұйымдастырылады.

Елімізде бұрын-соңды болмаған отандық өнімдердің белгісін білдіретін қолөнершілер туы тігіледі. Қолөнершілер туы КИнЭС рекордтар кітабына енгізіледі, делінген елорда әкімдігінің хабарламасында.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!