Астаналық тұрғынның тісінде дәрігердің екі құралы қалып қойыпты

23:37, 6 ақпан 2023

© Сурет: pixabay

Астаналық тұрғынның тісінде дәрігердің құралы қалып кеткен. Осыдан екі жыл бұрын Гүлнұр есімді азаматша қаладағы емханалардың бірінде тісін емдеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алайда кейінгі уақытта сол емдеткен тісі ауырып, маза бермепті. Дәрігерге көрінсе, тісінде медициналық құрал қалып қойғаны анықталыпты. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.

"Ол кезде аяғым ауыр еді. Тісім мазалап жүрді. Сол кісіге екі-үш рет барып жүрдім. Соңғы барғанымда нервтерді алып, маған пломба қойып берді тісіме. Оказывается нервты алып жатқан кезде бір инструменті тістің түбірінен өтіп, сүйекте қалған, біреуі тістің түбірінде қалып кеткен. Бетін пломбамен жауып жібере салды болды".  Жәбірленуші Гүлнұр Дүйсенбайқызы

Әйелдің айтуынша, бұған дейін емдеген дәрігер өз қателігін мойындаса да, ешқандай көмек бермеген. 

"Диагноз қойылды: созылмалы пульпит. Емдеу жүргізілді: анестезиямен кариозды қуысты дайындау. Тұрақты тіс пломбасы қойылды. Бақылау рентгені жүктілікке байланысты жүргізілмеген. Ұсыныстар берілді: бала туылғаннан кейін қайта тексеруден өту ұсынылды, алайда 2021 жылдың 21 мамырында басқа аймаққа көшуіне байланысты есептен шығарылды".Емхана әкімшілігі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!