Астаналық азаматтың көлігін айдап кеткен шетелдік ұсталды
© Сурет: polisia.kz
Елорда тұрғыны жақында сатып алған құны 15 миллион теңгеден асатын көлігінің белгісіз біреудің айдап кеткені туралы полицияға хабарласты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ер адамның айтуынша, ол сайттағы хабарландыру арқылы көлікті сатып алып, мәмілені автосалонда жасаған. Сатып алғаннан кейін көлікті оның әйелі пайдаланған. Жәбірленушінің әйелі көлікті кешкі уақытта тұрғын үй кешенінің паркингіне қойып, таңертең оның жоғалғанын анықтаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Li Auto L7 көлігін айдап кету дерегеніне қатысы бар 25 жастағы шетелдік азаматты ұстады. Бейнебақылау камерасының бейнежазбалары ер адамның паркингке кіріп, көліктің құлпын телефондағы қолданба арқылы ашып, көлікке отырып қашып кеткенін көрсетті.
Полицейлер күдіктіні елден қашпақ болған кезде тасжолда ұстады. Тергеу барысында оның бұрын көлігін өз елінде кепілге қалдырып кеткені және қарызын өтемегені үшін көліктің басқа адамдарға сатылып кеткені белгілі болды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Шетелдік азамат Астана полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:39, 19 желтоқсан 2025
ІІМ: Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз қолданудың 90 дерегі анықталды
-
12:24, 19 желтоқсан 2025
Елордада полицейлер тұрғынның көлігінен ірі көлемде гашиш тәркіледі
-
12:17, 19 желтоқсан 2025
Ресейлік туристке Таиландқа шамамен 100 жылға кіруге тыйым салынды
-
12:17, 19 желтоқсан 2025
Иранда «ақырзаманның бір белгісі» көрінді - бейнежазба
-
11:52, 19 желтоқсан 2025
WTA барлық санаттағы жылдың үздік турнирлерін атады





