Астанадан Көкшетауға дейінгі жол жабылды

17:25, 11 қазан 2024

© Фото: zakon.kz

Астанадан Көкшетауға дейінгі жол қолайсыз ауа райына байланысты жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

"Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Астана-Петропавл" автожолының (18-304 шақырым аралығы) Астанадан Көкшетауға дейінгі учаскеде автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды", - делінген хабарламада.

Ведомство бұл учаске 2024 жылғы 11 қазанда сағат 17:00-де жабылғанын мәлімдеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!