«Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, бұршақ түседі». 7 мамырға арналған ауа райы болжамы

18:26, 6 мамыр 2024

© Сурет: unsplash

Синоптиктер Zakon.kz тілшісіне 2024 жылдың 7 мамыры - Отан қорғаушылар күнінде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.

Болжамға сәйкес, республикамыздың батысында, шығысында және оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі деп болжанады. Республикамыз бойынша желдің екпін алу сипаты тән, солтүстік-батыста, шығыста тұман түседі деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК

Сондай-ақ, түнде Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында, Қарағанды, Абай облыстарының солтүстік-шығысында сынап бағаны 1, 3 градус суықты көрсетеді, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының шығысында да 1 градус суық болып, топырақ беті қатады, үсік жүреді деп күтіледі.

"Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қарағанды өңірінің батысында, оңтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысының орталығында, Қызылорда облысының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары, Түркістан облысының батысында, Абай облысының оңтүстігінде де өрт қаупі жоғары". "Қазгидромет" РМК


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!