Астанадағы өрт: Қала әкімі зардап шеккен көпқабатты тұрғын үй тұрғындарымен кездесті

14:56, 23 маусым 2024

© Сурет: Facebook/Jenis Qasymbek

22 маусымда түстен кейін Астанада "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығы маңында өртенген Rixos Khan Shatyr Residences тұрғын үй кешені тұрғындарымен қала әкімі Жеңіс Қасымбек кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы әкім әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, өрт салдарын жою бойынша жұмыс комиссиясы құрылады.

"Енді сарапшылар техникалық қорытынды бергеннен кейін қасбетті қалпына келтіруге және зардап шеккен пәтерлерді жөндеуге кірісеміз. Өрттің себебін қалалық ТЖД анықтайды", делінген әкім жазбасында.

Өртенген үй, Астана, Rixos Khan Shatyr Residences, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2024 14:56

Сурет: Facebook/Jenis Qasimbek

Өртенген үй, Астана, Rixos Khan Shatyr Residences, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2024 14:56

Сурет: Facebook/Jenis Qasimbek

Сондай-ақ Жеңіс Қасымбек өрттен кейінгі тұрғын үйде түсірілген суреттермен де бөліскен.

Өрт, Астана, Rixos Khan Shatyr Residences, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2024 14:56

Сурет: Facebook/Jenis Qasimbek

Өрт, Астана, Rixos Khan Shatyr Residences, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2024 14:56

Сурет: Facebook/Jenis Qasimbek

Айта кетсек, 22 маусымда сағат 15:09-да Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері шақырудың жоғары рангы бойынша Тұран көшесі, 37/9 үй мекенжайына аттанды. Өрт сөндірушілер тұрғын үй кешенінің 26 қабатындағы пәтердің сыртқы жабыны жанып жатқанын анықтады. Төтеншеліктер тұрғын үй кешенінен сегіз адамды, оның ішінде бір баланы эвакуациялады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!