Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді
© Сурет: olympic.kz
2026 жылы World Aquatics Бакуды (Әзербайжан), Ташкентті (Өзбекстан) және Астананы Әлем кубогының бірыңғай бағытына біріктірді. Серия тарихи Жібек жолының құрметіне Silk Road Tour деп аталды. Бірнеше ғасыр бойы бұл жол Еуропа мен Шығыс Азияны байланыстырған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыс Әзербайжан астанасында басталып, жүзгіштер 1-3 қазан аралығында сынға түседі. Одан кейін серия 8-10 қазан күндері Ташкентте жалғасып, Астанада мәресіне жетеді.
Сайысқа ұлттық құрамалардың өкілдері, сондай-ақ белгіленген іріктеу талаптарын орындаған клуб спортшылары қатыса алады. Қабылдаушы елдердің клубтарынан келген жүзгіштер үшін бөлек шектеу қарастырылған: әр спортшы үш дисциплинадан артық жарысқа қатыса алмайды.
Жарысқа әлемнің үздік жүзгіштері, соның ішінде Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпионаттарының жүлдегерлері мен әлемдік рекорд иелері қатысады деп күтілуде. Жалпы, Silk Road Tour аясындағы үш додаға 50-ден астам елден 750-ден аса жүзгіш қатысады деп жоспарланған.
Әлем кубогы жарыстарында көрсетілген нәтижелер әлем және жасөспірімдер рекорды ретінде ресми түрде есепке алынуы мүмкін. Әлем рекорды жаңартылған немесе қайталанған жағдайда, World Aquatics талаптарына сәйкес нәтиже ресми түрде тіркеледі.
Silk Road Tour қорытынды рейтингі Астанадағы жарыс аяқталғаннан кейін жасалады. Спортшылардың жалпы орнын анықтау кезінде серияның барлық кезеңінде көрсеткен нәтижелері есепке алынады. Бұл ретте әр кезеңде жүзгіштің ең үздік үш нәтижесі ғана қорытынды есепке енгізіледі.
Күзгі серия желтоқсан айында Қытайдың Бейжің қаласында өтетін қысқа бассейндегі (25 метр) әлем чемпионаты алдындағы маңызды халықаралық жарыстардың бірі болмақ.
Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі "Барыс Арена" бассейнінде өтеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:38, 7 қыркүйек 2026
8 қыркүйекте елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасады
-
21:38, 7 қыркүйек 2026
«Бізді ұйықтап жатқанда улап жатыр ма?!»: Атырау тұрғындарын қаладағы өткір иіс алаңдатты
-
21:13, 7 қыркүйек 2026
Қазақстанның мемлекеттік орман қорында 4 орман өрті тіркелді
-
20:43, 7 қыркүйек 2026
Қазақстанда жоғалған қарулар жасырылған орындар әлі де анықталып жатыр
-
20:27, 7 қыркүйек 2026
Мүгедектігі бар қазақстандыққа қажетті құралдар берілмеген: дау немен аяқталды





