Астанада жеделсаты ішінде бес жасар балаға жасөспірім пышақ жұмсаған
© Сурет: polisia.kz
Әлеуметтік желіде елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде жеделсаты ішінде бес жасар балаға медициналық бетперде таққан белгісіз адамның пышақпен шабуылдағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл ақпаратты Zakon.kz сайтына елордалық полиция департаменті растады.
"Оқиғаны тергеу барысында психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған кәмелетке толмаған анықталды. Оның заңды өкілдері полицияға шақырылды. Олар заңнамаға сәйкес тәрбие міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қатаң жауапкершілікке тартылатын болады", – деді полициядан.
Сондай-ақ, құзырлы ведомство зардап шеккен баланың ауруханаға жатқызылғанын, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын атап өтті. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Шабуылдаушы жасөспірім қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін бірден белгіленген тәртіппен оқшауланады", - дейді полициядағылар.
Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде Zakon.kz сайтына бетінде бірнеше жарақаты бар баланы жедел жәрдем бригадасы №2 қалалық балалар ауруханасына жеткізгенін айтты.
"Баланы кезекші травматолог және жақ-бет хирургы қарады. Баланың жалпы жағдайы ауыр. Ол жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне жатқызылды", - дейді басқармадағылар.
Бұған дейін Петропавлда жалаңаш балалардың суреттері желіде тарағаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:57, 8 желтоқсан 2025
-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады
-
22:46, 8 желтоқсан 2025
СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды
-
21:29, 8 желтоқсан 2025
Семсерлесуші Руслан Курбанов Әлем кубогы кезеңінде үздік ондықтың қатарына енді
-
21:19, 8 желтоқсан 2025
«Боран соғып, аяз болады». Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
-
20:47, 8 желтоқсан 2025
Оңтүстікте тойда өлең айтқан бұрынғы келініне қол көтерген ер адамға қатысты сот үкімі шықты





