Астанада заңсыз қоқыс төгу деректерінің жолы кесілді
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Елорда аумағында өтіп жатқан "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында қоршаған ортаны қорғау және қала тазалығын сақтау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Кезекті рейдтік іс-шара барысында полиция қызметкерлері белгіленбеген орындарға құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төккен екі КамАЗ жүк көлігінің жүргізушілерін анықтады.
Аталған құқық бұзушылықтар қала аумағында тіркеліп, жүргізушілердің абаттандыру қағидаларын өрескел бұзғаны белгілі болды.
Осы фактілер бойынша құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылып, тиісті шаралар қабылданды.
Полиция департаменті ескертеді: белгіленбеген орындарға қоқыс төгу – қоршаған ортаға елеулі зиян келтіретін құқық бұзушылық.
Мұндай әрекеттер үшін заңнамада әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Елорда полициясы қала тұрғындары мен жүргізушілерді тазалық мәдениетін сақтауға, қалдықтарды тек арнайы рұқсат етілген орындарға шығаруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.
Тазалық – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Айта кету керек, "Таза Қазақстан"акциясы аясында құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу жұмыстары алдағы уақытта да күшейтілген тәртіпте жалғасады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:12, 14 мамыр 2026
Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты
-
19:00, 14 мамыр 2026
Тоқаев пен Ердоған Қазақстан-Түркия бизнес форумында не айтты
-
18:46, 14 мамыр 2026
Қазақстанда бір мезетте қар, -3°С суық және +35°С аптап ыстық күтіледі
-
18:34, 14 мамыр 2026
Алматыда өтіп жатқан Қазақстан кубогында грек-рим күресінен барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды
-
18:15, 14 мамыр 2026
Алматыда бір көшеде түнде қозғалыс шектеледі





