Астанада Ян Непомнящий мен Дин Лирен шахматтан әлем чемпионы атағын сарапқа салады

© Сурет: pixabay
Астанада 1 сәуір мен 7 мамыр аралығында ФИДЕ-нің 2023 жылғы әлем чемпионаты өтіп, әлемнің үздік шахматшысы анықталатын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Биылғы әлем чемпионы атағын ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лирен сарапқа салады. Финалдың жүлде қоры – 2 миллион еуро. Жеңгені осы қаржының 60%-ын алса, 2-орын алған гроссмейстер қалғанына ие болады, делінген Спорттты дамыту дирекциясы РМҚК сайтында.
Ян Непомнящий мен Дин Лирен арасындағы барлық 14 ойын St. Regis Astana қонақ үйінде елорда уақытымен сағат 15:00-де басталады. Әр 2 турдан кейін демалысқа бір күн беріледі.
"Ереже бойынша ойын кезінде алғашқы 40 жүріске 120 минут бөлінеді. Сосын, қалған 40 жүріске бір сағат берілмек. Ал 61-жүрістен бастап әр ойыншының еншісінде 30 минут қалады. Бұл аралықта олардың тасын қимылдатуға 30 секунд уақыты болады. Тең түскен жағдайда жеңімпаз жылдам шахмат арқылы анықталып отырады", делінген хабарламада.
2022 жылы 31 ақпанда сол кездегі әлем чемпионы Магнус Карлсен әлем рейтингінде 3-орында тұрған Ян Непомнящиймен ойнап, атағын қорғаудан бас тартты. Осыдан кейін норвегиялық шахматшының орнын үміткерлер арасындағы турнирде 2-орын алған Дин Лирен басты. Осылайша, чемпионсыз өтетін турнир бір-бірімен деңгейлес ойыншылардың айқасымен көпшілікті қызықтырып отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:35, 6 маусым 2023
Ақтөбе қаласының әкімі Мұрат Жөребеков қызметінен босатылды
-
21:19, 6 маусым 2023
Елордадағы су тапшылығы мәселесіне қатысты қала әкімі мәлімдеме жасады
-
20:55, 6 маусым 2023
Астанада зейнеткер әйелді алаяқ 16 млн теңгеге алдап соқты
-
20:32, 6 маусым 2023
Танымал ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығұл Жылқышиев дүниеден озды
-
20:32, 6 маусым 2023
Қарымды қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығұл Жылқышиев дүниеден озды