Астанада тұңғыш рет «Нотр Дам де Пари» мюзиклі қазақ тілінде қойылады

10:11, 18 сәуір 2018

«Қазақстан» орталық концерт залында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Нотр Дам де Пари» мюзиклінінің бас продюсері Николя Талармен кездесті. Алқалы басқосуда тараптар Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған іс-шараларды талқылады. Бұл туралы министр өзінің facebook парақшасына жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

«Ромео мен Джульетта» мюзиклін сәтті сахналаған «Астана Мюзикл» мемлекеттік концерттік ұйымы «Нотр Дам де Пари» мюзиклін тұңғыш рет қазақ тілінде көрерменге ұсынады. Әйгілі мюзиклдің 20 жылдығы Астананың мерейтойымен тұспа-тұс келіп тұр. Астаналық театр үшін бұл - мол тәжірибе және зор жауапкершілік. «Нотр Дам де Пари» мюзиклі қала тұрғындары мен қонақтарына тосынсый болары және Франция мен Қазақстан арасындағы мәдени байланысты нығайтары сөзсіз, - деп жазды министр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!