Астанада шетел азаматтары адам ұрлап, ақша бопсалаған

16:32, 29 мамыр 2026

© Фото: Zakon.kz

Астанада алты шетел азаматы адам ұрлау және өз бетінше әрекет ету деректері бойынша сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда прокуратурасының 2026 жылғы 29 мамырдағы мәліметіне сәйкес, 2024 жылғы 9 желтоқсанда топ мүшелерінің бірі көрсетілген қызмет үшін қарыз барын алға тартып, жәбірленушіге күш қолданып, 80 мың теңгені аудартқан.

"Кейіннен алдын ала сөз байласу арқылы әрекет еткен күдіктілер жәбірленушіні Астана қаласының аумағында күш қолданып, пайдакүнемдік мақсатта ұрлап әкеткен", – делінген ресми хабарламада.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен бес шетел азаматы алдын ала сөз байласу арқылы топ болып адам ұрлағаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал бір қатысушы адам ұрлауға көмектескені және өз бетінше әрекет еткені үшін 7 жыл 6 айға сотталды.

Еске салайық, 2026 жылғы сәуірде Алматыда да зейнеткерді ұрлап, оның мүлкін өз атына рәсімдеуді талап еткен оқиға тіркелген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!