Астанада сегіз айда 300-ден астам бұзушылыққа жол берген көлік жүргізушісі темір торға тоғытылды
© Сурет: pexels
Үнемі жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) бұзатын жас астаналық қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қаласының прокуратурасы 2026 жылы 9 қыркүйекте хабарлағандай, мониторинг барысында Hyundai Palisade көлігінің 25 жастағы жүргізушісі анықталып, ол тек биылғы жылдың өзінде жол қозғалысы ережелерінің талаптарын 306 рет елемеген.
"Оның 169 құқық бұзушылығы белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырумен байланысты болса, 134 жағдайда ол автобус жолағымен жүрген", деп нақтылайды құзырлы орган.
Мәселен, ағымдағы жылдың 3 мамырында бейнебақылау камералары оның "Ұлы Дала" даңғылымен сағатына 137 шақырым жылдамдықпен жүргенін тіркеген.
Құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілігі мен жүйелі сипатын ескере отырып, сот оның әрекеттерін ұсақ бұзақылық деп бағалап, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.
Бұған дейін Алматыда мыңнан астам адам жүргізуші куәлігінен автоматты түрде айырылатыны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:05, 9 қыркүйек 2026
Шымкентте жоғары лауазымды шенеунікке қатысты іс қозғалғаны рас па? ҰҚК түсініктеме берді
-
19:05, 9 қыркүйек 2026
Шымкентте жоғары шенді шенеунікке қатысты іс қозғалғаны рас па? ҰҚК түсініктеме берді
-
18:54, 9 қыркүйек 2026
«Әбден тепкілеген». Тұрғын үй шлагбаумын бүлдірген елордалық жауапкершілікке тартылды
-
18:47, 9 қыркүйек 2026
Астанада үлкен даңғылдардың бірі бес күнге жабылады
-
18:33, 9 қыркүйек 2026
Батуттағы гимнастикадан Италиядағы Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан атынан екі спортшы бақ сынайды





