Астанада робототехникадан чемпионат өтті

22:55, 18 ақпан 2017

Тәуелсіздік сарайында елордалық оқушылар арасында робототехникадан чемпионат өтті. Жарысқа қатысушылар 3 санат бойынша өзара бақ сынасады: «Сызық бойындағы жарыс», «Тапсырманы орындау» және «Робосума».

Шара ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру, жастар мен балалардың инновацияларға және жоғары технологияларға қызығушылығын арттыру мақсатында қолға алынған. Оны Астана қ. Білім басқармасы «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы «Білім инновация» халықаралық қоғамдық қорымен бірлесе ұйымдастырылды.

Чемпионатта елорданың 31 мектебі мен лицейлерінен барлығы 82 команда тіркелді. Қалалық кезеңге 23 білім беру мекемесінен 46 команда жолдама алды. Жарысқа 10-19 жас аралығындағы балалар қатысты. Әрбір команда құрамына екі спортшы және бір робот кіреді.

Астана қаласының білім басқармасы басшысының орынбасары Әнуар Жанғозиннің айтуынша, чемпионат алғаш рет өткізіліп отыр.

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!