Астанада полиция сталкингке қарсы жұмысты күшейтті
© Фото: Zakon.kz
Астана қаласында аңду (сталкинг) және зорлық-зомбылықтың өзге де түрлеріне байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Жыл басынан бері елордалық полицейлер сталкинг фактілері бойынша 26 деректі тіркеген. Мәселен, жуырда полицияның кезекші бөліміне 30 жастағы ер адамның бұрынғы сүйіктісін бірнеше ай бойы аңдығаны туралы хабарлама келіп түсті.
Қарым-қатынасты жалғастырудан бас тартқанына қарамастан, ол жәбірленушіге қайта-қайта қоңырау шалып, хабарламалар жіберген, жұмыс орны мен тұрғылықты жерінің маңында күтіп тұрған, сондай-ақ оның жүріп-тұруын бақылаған.
Мұндай әрекеттер жәбірленушінің жеке қауіпсіздігіне қатысты орынды алаңдаушылық туғызған. Аталған дерек бойынша өтініш тіркеліп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115-1-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Құқық қорғау органдары сталкингтің зиянсыз әрекет емес екенін атап өтеді. Бұл — психологиялық қысым көрсетудің бір түрі және ол ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Полиция еске салады: сталкингтің алдын алу, ең алдымен, жеке қауіпсіздікке мұқият қараудан басталады.
Аңдудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда құқық бұзушымен байланысқа түспеу, қарым-қатынастан нақты бас тарту, барлық дәлелдерді (хабарламалар, қоңыраулар жазбасы, фото және бейнематериалдар) сақтау, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі жеке ақпаратқа қолжетімділікті шектеу, сондай-ақ дереу құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.
Уақтылы қабылданған шаралар жағдайдың ушығуына жол бермей, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:15, 1 сәуір 2026
Алматыда кенеге қарсы дәрілеу жұмыстары басталды
-
15:06, 1 сәуір 2026
Қызылордада шенеуніктер инвесторларға заңсыз айыппұл салғаны үшін жазаланды
-
14:54, 1 сәуір 2026
Түркістан облысында бұзақылық жасаған жасөспірімдер ұсталды
-
14:46, 1 сәуір 2026
Алматыда ауа температурасы +29°С-қа дейін көтеріледі
-
14:37, 1 сәуір 2026
Блогер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамауға алынды





