Астанада полиция күшейтілген режимде жұмыс істей бастады

15:38, 19 тамыз 2026
MKZ: 1562146

© Фото: zakon.kz

Астанада республикалық "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шара қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды. Бұл туралы 19 тамызда елордалық полицияның баспасөз қызметі хабарлады.

"Полиция қызметкерлері көшелер мен өзге де қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын күшейтті. Қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ төтенше жағдайларға жедел ден қоюға баса назар аударылып отыр", – делінген хабарламада.

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында полиция қызметкерлері тексеру үшін Haval маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлік тізгінінде 28 жастағы ер адам болған. Тексеру кезінде оның бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Құқық бұзушы жауапкершілікке тартылып, автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

"Астана полициясы елорда тұрғындары мен қонақтарын белгіленген ережелерді сақтауға, айналасындағыларға құрметпен қарауға, сондай-ақ қауіп төнген немесе қандай да бір оқиға болған жағдайда полиция қызметкерлерінен дереу көмек сұрауға шақырады", – делінген үндеуде.

Айта кетейік, Алматы полициясы да күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!