Астанада Перизат Қайрат ісіне қатысты сот отырысы басталды
© Сурет: Instagram/01pk
Астанада 2025 жылы 9 шілдеде Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты іс бойынша сот отырысы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала тыңдалым барысында күдіктілер БАҚ өкілдерінің процеске қатысуына қарсы екендерін білдірді. Сонымен қатар олар сот отырыстары кезінде фото және видео түсірілімге тыйым салуды талап еткен.
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі соттың отырыстың ашық не жабық өтетіні жөнінде шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кеткенін хабарлады.
Бұған дейін Қаржылық мониторингі агенттігі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғанын жариялаған. 2025 жылғы 19 наурызда тараптар 109 томнан тұратын қылмыстық іс материалдарымен танысуға кірісті.
Бұған дейін хабарланғандай, залал сомасы 3,5 млрд теңгені құрады.
Ұрланған қаражатқа сатып алынған 865 млн теңге көлеміндегі мүлікке тыйым салынды.
Қылмыстық іс айыптау актісін бекіту және сотқа жолдау үшін Бас прокуратураға берілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:14, 16 желтоқсан 2025
Алматылық «Қайрат» әлемдегі ең үздік 500 футбол клубының қатарына енді
-
19:08, 16 желтоқсан 2025
Ауа райына байланысты бес бағыт бойынша пойызға қосымша орындар ашылды
-
18:52, 16 желтоқсан 2025
Димаш Құдайбергеннің қарындасының патриоттық видеосы желіде қызу талқыланып жатыр
-
18:31, 16 желтоқсан 2025
Биатлоннан Әлем кубогы кезеңі: қазақстандықтар эстафетада қалай өнер көрсетті
-
18:20, 16 желтоқсан 2025
Ауа райы күрт бұзылады: Астанада, Алматыда және өңірлерде дауылды ескерту жарияланды





