Астанада көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтары анықталды
© Фото: pixabay
Астанада көші-қон заңнамасын бұзу деректері бойынша 1400 шетелдік жауапкершілікке тартылды.
Астана қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.
Жыл басынан бері жүргізілген тексерулер мен рейдтік іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзу деректері анықталды.
Атап айтқанда Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы бойынша шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1400 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдаушы жеке және заңды тұлғалардың көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша Қазақстан Республикасының 432 азаматы жауапкершілікке тартылды.
Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып шетелдік жұмыс күшін және еңбек иммигранттарын тарту деректері де анықталды. ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша мұндай құқық бұзушылықтарға жол берген 32 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен 250 шетелдік Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. Оның ішінде 57 шетелдік мәжбүрлі түрде ел аумағынан шығарылды.
Полиция департаменті азаматтарды және елорда қонақтарын Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Шетел азаматтарын қабылдайтын тұлғалар олардың уақытылы тіркелуін және ел аумағында заңды негізде болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:22, 12 наурыз 2026
Жаңа Ата Заң жобасын нағыз Халық Конституциясы деп нық сеніммен айта аламыз – Тоқаев
-
14:16, 12 наурыз 2026
Жаңа Конституция жобасы қабылданса, еліміздің бүкіл заң жүйесі жаңарады – Мемлекет басшысы
-
14:11, 12 наурыз 2026
2025 жылы еліміздің әр түкпірінде жалпы құны 1,5 триллион теңге болатын 190 өндіріс орны іске қосылды - Тоқаев
-
14:10, 12 наурыз 2026
Жаңа Конституция жобасында Қазақстан халқы биліктің бастауы және Егемендіктің иесі – Тоқаев
-
14:05, 12 наурыз 2026
Қазақстан цифрландыру мен әлеуметтік саясат арқылы дамудың даңғыл жолында – Тоқаев





