Астанада Қорғалжын тас жолының бір бөлігі уақытша жабылады

09:32, 1 шілде 2026

© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Астанада 2026 жылғы 1–20 шілде аралығында Қорғалжын тас жолында автоматтандырылған өлшеу жүйесіне арналған бетон негізі мен жабындысын салу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, жөндеу жұмыстары кезінде автокөлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысын ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеріп, бағыттарын алдын ала жоспарлау ұсынылды.

Сондай-ақ Астанада 30 шілдеге дейін Сауран көшесінің бойындағы жергілікті жолдың Алматы көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейінгі учаскесі толық жабылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!