Астанада көпір үстінде ер адам өзіне қол жұмсамақ болған

© Сурет: polisia.kz
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінің ефрейторы Достық Жақсылық Астанадағы көпір үстінде өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға 21 маусымға қараған түнгі сағат 00:30 шамасында Астананың Көктал көшесіндегі "Сарқырама" көпірінде болған. Жедел қызметке 1996 жылы туған азаматтың көпірдің қоршауынан асып тұрғаны жайлы хабарлама келіп түседі.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам ауыр күйзеліске ұшырап, өз-өзіне қол жұмсамақ болған.
Осы сәтте қызметінен кейін үйіне бет алған ефрейтор Достық Жақсылық көпір үстіндегі көрініске назар аударады. Қара жейде киген әскери қызметші бастапқыда көпір үстінде тұрған адамды жай ғана серуендеп жүрген жан шығар деп ойлаған. Алайда жақындай бергенде жағдайдың олай емес екенін аңғарады.
"Қоршаудың ар жағында тұр екен, тек бір қолымен ғана ұстап тұрды. Ондай сәтте ойланып тұруға болмайды – әрекет ету керек", - дейді ол.
Кинолог ер адаммен тілдесіп, оның назарын басқа жаққа бұруға тырысады. Сөйлесу арқылы сабасына түсіріп, өмірге деген үміт отын қайта жандыруға ұмтылған. Осы мезетте қасынан өтіп бара жатқан тағы бір азаматпен біріге әрекет етіп, ер адамды қоршаудың бергі бетіне тартып шығарады. Осылайша олар бір адамның өмірін аман сақтап қалды.
Құтқарылған азаматқа дереу медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда ол тиісті мамандардың бақылауында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:13, 14 шілде 2025
Қазақстанда азаматтық алу үшін мемлекеттік тіл мен Конституцияны білуге қойылатын талаптар өзгереді
-
10:00, 14 шілде 2025
Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
-
09:49, 14 шілде 2025
Қазақстан мен ТМД елдерін сан соқтырған кезекті қаржы пирамидасы әшкереленді
-
09:36, 14 шілде 2025
Ұлытау облысындағы шенеунік миллиондаған теңгені құмар ойындарға салып жіберген
-
09:25, 14 шілде 2025
Қазақстанға гипсокартон әкелуге тыйым салынды