Астанада ер адам полицейлердің көзінше аялдама әйнегін сындырды
© Сурет: Астана қалалық ПД баспасөз қызметі
Астанада полицейлердің көзінше аялдама әйнегін сындырған ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құқық қорғау органы өкілдері кезекшілік кезінде қаладағы сауда орталықтарының бірінің жанындағы аялдама орындығында ұйықтап жатқан ер адамды көреді. Одан мән-жайды білмек болғанда, ер адам күтпеген жерден агрессия көрсеткен. Ол жерде жатқан тасты алып, аялдаманың әйнегіне лақытырып, сындырды. Сонымен қатар, ашуға мінген ол көлік қозғалысына да кедергі келтіріп, жол бойына шығып кеткен.
"42 жастағы қылмыскер жауапқа тартылды. Полиция құқық бұзушылықтарға, әсіресе вандализм, бұзақылық және тәртіпсіз мінез-құлық актілеріне мүлдем төзбеушілік қағидаты бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда", – деп атап өтті тәртіп сақшылары.
Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері біреудің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін Астанада 115 адам жауапқа тартылған, оның 61-і қамауға алынған.
Бұған дейін кәмелетке толмағандар Астанадағы қоршаулы құрылыс алаңында тұрған бірнеше көлікке зақым келтірген. Полицейлер олардың жеке басын анықтады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:55, 30 мамыр 2026
Ақмола облысында тоғыз шетелдік турист тауда жоғалып кетіп, құтқарушылар аяғынан тік тұрды
-
15:50, 30 мамыр 2026
Алматы облысында мейрам және демалыс күндерінде 800-ден астам құқықбұзушылық анықталды
-
14:56, 30 мамыр 2026
Астанада Мұхамеджан Тынышбаев атындағы көше ішінара уақытша жабылады
-
14:56, 30 мамыр 2026
Астанада Мұхамеджан Тынышбаев көшесі ішінара уақытша жабылады
-
14:50, 30 мамыр 2026
ТЖМ тікұшағы Қарағандыдағы ауруханаға науқасты шұғыл жеткізді





