Астанада ер адам көпірден секіріп кетті
© Сурет: polisia.kz
Астанада полицей көпірден секірген ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін таңғы сағат 06:35 шамасында кезекшілік кезінде полицейлер "Арқар" көпірінің қоршауынан асып өткен ер адамды байқаған. Олар дереу оқиға орнына жеткенімен, азамат сол сәтте суға секіріп кеткен еді.
Оқиға орнына патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Нұрсұлтан Динабеков пен Думан Тойғұлынов жедел жетті. Жағдайды бағамдаған полиция капитаны Нұрсұлтан Динабеков бірден суға түсіп, зардап шеккен азаматқа қарай жүзіп барды. Ол ер адамға құтқару шеңберін кигізіп, оны жағаға алып шықты. Онда жедел жәрдем тобы дайын тұрған еді.
"Ойлануға уақыт болмады. Мен жақсы жүземін, сондықтан өзімді сенімді ұстадым. Жылдам әрекет ету керек болды. Бұл — менің полиция қызметкері әрі адам ретіндегі парызым. Мұндай сәтте тек бір ғана мақсат болады — адамды құтқару", — деді Нұрсұлтан Динабеков.
Зардап шеккен азаматқа қажетті медициналық көмек көрсету үшін ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:47, 1 мамыр 2026
Өскеменде полицейлер иесіз жүрген малды дрондардың көмегімен анықтауда
-
13:29, 1 мамыр 2026
Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті
-
13:10, 1 мамыр 2026
Өрт қауіпті кезең: ТЖМ қазақстандықтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды
-
12:54, 1 мамыр 2026
Түркістанда полицейлер электросамокаттарды пайдалану тәртібі мен қауіпсіздігін тұрғындарға түсіндірді
-
12:31, 1 мамыр 2026
Атырау облысында екі ағайынды ер адам атыс шығарып, бір адам жараланды





