Астанада ауа райының жылынуына байланысты мұз айдыны мен сырғанақтар жабылды
© Сурет: gov.kz
Астанада ауа райының күрт жылынуына және қардың еруіне байланысты Есіл өзенінің жағалауындағы мұз сырғанақтары мен мұз айдынының жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осыған байланысты қалалық Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына маңызды ескерту жасады:
"Есіл өзенінің арнасындағы мұздың қалыңдығы 22 сантиметрден басталады, кейбір жерлерде (Орталық жағажай маңында) 35–37 сантиметрге дейін жетеді. Жаңа жыл мерекелері кезінде тұрғындардың қауіпсіздігі үшін мұз үстіне шықпауды сұраймыз", — делінген хабарламада.
Сондай-ақ Есіл жағалауындағы мұз сырғанақтары мен мұз айдынының жұмысы уақытша тоқтатылғаны ерекше атап өтілді.
"Төтенше жағдайлар департаменті белгілеген мұздың қауіпсіз қалыңдығына жеткеннен кейін бұл нысандар қайтадан пайдалануға беріледі", — деп қосты мамандар.
Қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жолдар, жаяу жүргінші жолдары мен көшелерге техникалық тұз себіліп жатыр. Бұл жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде.
Астана қаласының әкімдігі де мәлімдеме жасады:
"Қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік талаптарын сақтауға, жолдар мен жаяу жүргінші жолдарында барынша сақ болуға, сондай-ақ қолайсыз ауа райы кезінде алыс сапарлардан бас тартуға шақырамыз".
Еске салайық, 2025 жылғы 30 желтоқсанда Астанада көктайғақ салдарынан қоғамдық көліктің қозғалысы тоқтаған болатын. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде ауа райының қолайсыздығынан алты адамның қаза тапқаны туралы ақпарат тараған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:59, 31 желтоқсан 2025
Жаңа жылды бұзуы мүмкін қауіпті өнім анықталды
-
11:48, 31 желтоқсан 2025
Электросамокат иелеріне міндетті сақтандыру мен тіркеу нөмірін алу талап етіледі
-
11:35, 31 желтоқсан 2025
Қызылорда облысында мал ұрлығы бойынша күдіктілер қолға түсті
-
11:27, 31 желтоқсан 2025
Қазақстанда 5 қаңтардан бастап “Халық бухгалтері” акциясы басталады
-
11:18, 31 желтоқсан 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы – 31 желтоқсан





